ОПМ «Дети в ночном городе»: нарушения прав, эксплуатация детского труда и безнадзорность
Ақмола облысында "Түнгі қаладағы балалар" жалпыреспубликалық ЖПІШ қорытындысы шығарылды.
Балалар құқығын бұзу фактілерін анықтау, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, көңіл көтеру орындарында және тұрғын үйден тыс жерлерде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында облыс аумағында 27-29 маусым аралығында "Түнгі қаладағы балалар" республикалық алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Үш күн ішінде облыста 323 саяжайлар мен саяжай шаруашылықтары, 407 фермерлік және шаруа қожалықтары, 550 жертөле және шатыр үй-жайлары, 213 автожуу және автожанармай құю станциялары,